Өмір жасын ұзартудың әдісі
Ұлыбританиядағы Лондон университеті колледжінің ғалымдары өмір жасының ұзақтығы мен қартаю процесіне әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтады. Маңызды әрі пайдалы іс тындырып жүрмін деп ойлайтын қарттардың денсаулығы жақсарып, созылмалы дертке шалдығу қаупі азаяды екен. Мамандардың мақаласы Proceedings ofthe National Academy ofSciences журналында жарияланды. Ғалымдар English Longitudinal Study ofAgeing (ELSA) атты қартаю процесін зерттейтін ұзақ мерзімді жобаға қатысқан 50 жастағы және одан асқан 7304 ер мен әйелді бақылау арқылы сараптама жүргізіпті. Олар әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер мен адам денсаулығын, соған байланысты олардың мінез-құлқын тексерген. Сонымен қатар Ұлыбританияның ұлттық статистикалық қызметі жүргізген сауалнама бойынша азаматтардың өз өмірін 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша...