ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

Ем қабылдап жүргенде қандай азық-түліктен бас тартқан дұрыс?

0
Қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрген науқас өзінің тамақ рационын қадағалап, дәрімен сәйкес келмейтін азық-түлік түрлерімен тамақтанбағаны дұрыс. Бұл туралы Ресей ғылыми-медициналық терапевтер қоғамының мүшесі, Денсаулық сақтау министрлігінің Цереброваскулярлық патология және инсульт федералдық орталығының клиникалық фармакологы Андрей Кондрахин айтты.



Мәселен, аспирин немесе ибупрофен қабылдап жүрген науқас емі аяқталғанша таңқурай (малина) жеуден бас тартқаны дұрыс. Себебі бұл жидектің құрамында табиғи салицил қышқылы бар. Дәрігердің айтуынша, бұндай бір-біріне қарсы әсері бар заттарды қабылдаудың салдарынан іштен қан кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, терапевт дәрігер қандағы холестерин деңгейін төмендететін дәрілермен қоса грейпфрут шырынын ішкен кезде пациентке қауіп төніп, тіпті өліміне әкеп соққан жағдайлар болғанын айтты....