ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

Іш бұзылуының негізгі себептері

0
Іштің бұзылуын медицинада «диарея» дейді. Оған шалдыққан адамның ішінен жиі-жиі сұйықтық өтеді. Диарея жеке сырқат деп саналмайды. Дәрігерлер оны тек белгілі бір себептердің салдары деп қана қарастырады. Дегенмен оның да өзіндік зиянды тұстары бар.



Іш бұзылған кезде көбіне құрсақ тұсы түйіліп, ауырады. Науқастың дене қызыуы көтеріліп, құсады. Сонымен қатар іш өтуі жиілеп, нәжіске қан араласуы мүмкін. Осы белгілердің біреуі байқалса, тездетіп дәрігерге көріну қажет.

Ересектердің іш ауруы көбіне асқынбай, ұзаққа созылмай 2-3 күннің маңайында айығып кетеді. Диарея негізінен бөбектер мен қарт адамдар үшін қауіпті. Іштің өтуі салдарынан оларда тәннің құрғауы, сусыздануы орын алады, ондай жағдайда адамды шөл қысады. Тілі, еріні...