ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

ҒАЛАМАТ МАЙДАН: САРА ҚЫЗ БЕН ҚАРАҚҰС

0

Жер-әлемді қара түнек пен қызыл аяз, қақсаған дауыл мен қаусаған аштық құрсаған зауалды бір шақта, нұр болып дүниеге қыз келді. Ғажайып болды. Түнек сейілді. Жер жылынды. Аспан тынды. Жүдеген жүздер жадырасып, адамдар қайта тойынды. Нәресте қыздың әкесі Сәбит ел алдына шықты да: «Бізді құтқарған мынау менің жаңа туған қызым, біліңдер!» деп жар салды. Онысына «сандырақтамашы» деген ғана жауап қайтты.

Қыздың аты Сара қойылды.

1-бөлім. КЕСАПАТ

Жылдар өтті. Кішкентай Сара балалардың ішіндегі ерекшесі болды. Келбеті қалай нұрланып тұрса, көңілі де сондай ашық-жарқын. Ізетті. Қарт кісілерге, жарамсыз жандарға үнемі көмек көрсетеді. Кәдуілгі балғын балақай болып көрінгенімен, күші ересек ерден де асып түседі....