ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2024

Қыз сыны байқауына өзін-өзі таныстыру өлең жолдары

0

Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыздың ибалы, инабатты болуымен қатар, оның бойындағы табиғи дарынын ашу, ісмерлікке баулып, білімді, жан-жақты болуға үйретудің астарында үлкен мән жатыр. "Қыз сыны" сынды байқаудың мақсаты да қыз баланың тәрбиесіне үлес қосу болса керек. Бұл жазбамызда "Қыз сыны" байқауына арналған өлең жолдарын ұсынамыз.

Жыл сайын мектептерде қыз баланың білімін, өнерін саралау мақсатында "Қыз сыны" байқауы ұйымдастырылады. Әдетте бұл байқаудың қатысушысы ең алдымен өзін таныстыруға тиіс. Байқау шарты бойынша таныстыру кезеңі өлең жолдарымен айтылады. Алайда өлең шығару қабілеті барлық адамға бірдей берілмеген. Осы орайда ғаламторда жарияланған өлеңдерді бір жерге топтастырдық.

Ескерту: Өлең жолдарындағы есімдер мен мектеп, қала атауларын өзіңізге ыңғайлы етіп өзгертіп алуға болады. 

Ескерту: астымен сызылған сөздердің орнына өз қалаңызды, атыңызды, мектебіңізді ауыстырып пайдалана аласыз!

Көк зеңгір бейбіт күннің аспанында,

Сұңқарың қалықтаған асқарыңда.

Армысың мың жыл тарих жастап жатқан, О, Тараз!

Қасиет бар тастарыңда!

Ішінде дара туған ұл-қызыңның,

Жап-жарық түнде жанған жұлдызыңмын!

Сыналып...