ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2024

Қанағат дегеніміз не?

0

Қанағат – әдептіліктің басты белгісі. Ол адамның сана-сезімі мен іс-қимылындағы жақсы әдет. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аздың өзіне қанағат қылдырады. Сондай-ақ ол ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние-затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан қанағатшыл кісі жұмсак, кішіпейіл де қарапайым болып, көптің құрметіне ие болады.

Қанағат – қазақы этномәдени ортада қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік қатынасты реттеуде айырықша рөл атқаратын моральдық-этикалық категория.

Қанағат – араб сөзі «өзіңе тиген үлеске разы болу». Қазақ мәдениетіне бұл сөз ислам дінінің әсерімен келгенімен, мейлінше «қазақыланған» ұғымға айналды, яғни, этностену үрдісіне ұшырады. Қанағат – басқаның қолындағысынан дәметпеу, өзінде барды місе тұту, өз нәпақасына шүкірлік айту, өзгенің ризығына қол сұқпау, тойымсыздықтан бойын аулақ ұстау дегенді білдіретін діни мәнді де ұғым.

Қанағат сөзіне синонимдер:

нысап, таупық, тойым, тойымдық, шүкір

Қанағат ұғымының негізделген қағидалары (Мақал-мәтел, нақыл сөздер)

Қанағат ұғымының моралдық категория ретіндегі дәстүрлі қазақы ортадағы әлеуметтік қатынасты реттеуші функциясы негізделген қағидалар:

 - Өзгенің нәпақасына сұқтанбау (қара нан мен...