ru24.pro
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жезқазғанда таңертең наубайханадан өрт шықты

0
Жезқазған қаласында таңертең Сейфуллин көшесінде орналасқан наубайханадан өрт шықты. Тілсіз жау жедел сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наубайхана сауда ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.

"Бүгін таңертең Жезқазған қаласының Сейфуллин көшесінде жеке тұрған екі қабатты сауда ғимаратының бірінші қабатындағы наубайханадан өрт шықты. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыды", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.


Ведомство мәліметінше, өрт аз уақытта ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.Өртті сөндіруге 10 құтқарушы мен үш техника жұмылдырылды.Қазір өрттен келген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.Құтқарушылар кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, электр жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруды және қосулы тұрған құрылғыларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!