Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікті ұсталды
ІІМ қызметкерлері діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адамды ұстады, - деп жазады Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2024 жылдан бастап ер адам Қазақстаннан тыс жерде болып, сол жақтан радикал идеяларды таратуды жалғастырған.
"Ол жабық Telegram-топтарды басқарып, онлайн-дәрістер өткізген және өз жақтастарына идеологиялық тұрғыдан ықпал еткен. Күдіктінің шетелде жүргеніне қарамастан, оның әрекеті құқық қорғау органдарының назарында болды. Бұған дейін оның бірқатар аудиодәрістері сот шешімімен терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру белгілері бойынша экстремистік материалдар деп танылған болатын", – деп хабарлады ІІМ.
Ер адам шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алғаны анықталды. Ведомствоның мәліметінше, ол пікірлестері арасындағы беделін пайдаланып, 2024-2025 жылдары олардан 60 миллион теңгеден аса қаражат алған.
"11 қарашада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Алматыда ұсталды. Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тергеу әрекеттері жүргізілді. Тінту кезінде діни әдебиеттер мен экстремистік идеология белгілері бар қолжазба материалдары тәркіленді", – деп хабарлады ІІМ.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ІІМ қызметкерлері істің барлық мән-жайын, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап жатыр.