ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

0

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Алматы облыстық мәслихатының депутаттары 4 қыркүйекте Қонаевта бас қосатыны хабарланған болатын. Отырыста олар жаңа облыс әкімін тағайындауды мақұлдауы керек.

Марат Сұлтанғазиевтің өмірбаяны

Марат Сұлтанғазиев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Ол экономист және қаржыгер, заңгер және бизнес әкімшілігі магистрі дәрежесіне ие.

Мансабын Алматы қаласының Әуезов ауданында салық инспекторы болып бастады. 2010 жылға дейін Алматы қалалық салық департаментінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Содан кейін Қаржы министрлігінде Салық және кеден заңнамасын үйлестіру, талдау және кірістерді болжау департаментін басқарды. 2012 жылы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг департаментіне ауысты. 2014 жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы болды.

2018 жылдың қазан айында Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кіріс комитетін басқарды, ал 2021 жылы қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың 11 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі етіп тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!