ru24.pro
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Дәмханаға келген Қырғызстан президенті мен әйелі видеоға түсіп қалды

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұбайы Айгүлмен бірге Ыстықкөлге барар жолдағы дәмханалардың бірінен көрінді, деп хабарлайды Tengri Life 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Келушілердің бірі мемлекет басшысын алғашында танымай қалғанын айтты, өйткені ол дәмханада өзге келушілермен бірге қарапайым жағдайда отырған.

"Президентімізді "Апамдын каттамасы" дәмханасынан көру мүлдем күтпеген жағдай болды. Тіпті бұл Садыр Нұрғожоұлы мен оның жұбайы екенін бірден түсінбедім", - деп жазды әйел.

Жазба авторының айтуынша, президент келген кезде жолдар жабылған жоқ. Бұл ретте күзет қызметі жанында болған.

Желі қолданушысы хаттамалық ресмиліктің болмағаны және президенттің қарапайым келушілердің арасында отырғаны өзіне ерекше әсер еткенін атап өтті.
Дәмхана келушілерінің айтуынша, президент жұбайымен бірге шамамен сағат 12:30-да келген. Жапаровтар дәмханаға өздері кіріп, шай мен қаттамаға тапсырыс беріп, жылдам түскі астарын ішіп, жүріп кеткен.