Иран Ормуз бұғазындағы кемелерді ұстап, тәркілейтінін мәлімдеді
Иранның Парсы шығанағы бұғазы әкімшілігі (PGSA) Ормуз бұғазынан өту ережелерін бұзған кемелерге алдағы уақытта шектеулер қойылатынын, соның ішінде айыппұл салынып, ұсталатынын, тіпті тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Жүк жөнелтушілер Парсы шығанағы акваториясына немесе одан тыс жерлерге тасымал жасау үшін кемені жалдамас бұрын, ықтимал мәселелерді болдырмау мақсатында тиісті сайттағы талаптарды сақтамайтын кемелер тізімімен танысуы қажет делінген X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
Онлайн-парақшада Тегеран ереже бұзушы деп таныған кемелердің тізімі жарияланды.
2/Кемені жалдау алдында #Persian_Gulf аймағына немесе одан тыс жерлерге жүк таситын иелері туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін https://t.co/3ybBigRgfB сілтемесі бойынша Талаптарға сай емес кемелер (NCV) тізімін қарап шығуы тиіс.
— PGSA | نهاد مدیریت آبراه خلیج فارس (@PGSA_IRAN) 23 тамыз, 2026 жыл
Өткен сәрсенбіде Axios басылымы АҚШ Қарулы күштерінің Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне арналған құпия теңіз бағытын жасағанын хабарлады, бұл бағыт күн сайын миллиондаған баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік береді.
Басылым мәліметінше, Оман жағалауындағы оңтүстік арна арқылы әр түн сайын 15-20 танкер өтіп, әлемдік нарыққа шамамен 10 миллион баррель мұнай жеткізеді - бұл соғысқа дейінгі көлемнің жартысына жуығы. АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктерінің айтуынша, бұл жеткізілімдер әлемдік мұнай нарығына "айтарлықтай әсер" етіп отыр.
Еске сала кетейік, 20 тамызда АҚШ президенті Иранға қарсы "ең жойқын экономикалық операцияның" басталғанын жариялаған болатын. Ол Тегеранға көмектесетін кез келген мемлекеттің өзі ауқымды экономикалық салдарға тап болатынын ескертті.
Бұған жауап ретінде Иран егер Таяу Шығыс елдері Тегеранға қарсы АҚШ санкцияларын қолдайтын болса, тек Ормуз бұғазында емес, Парсы шығанағынан мұнай жеткізілетін балама бағыттардағы танкерлерге де шабуыл жасайтынын айтып қоқан-лоқы көрсетті.
Бірнеше сағат бұрын АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон Тегеранға экономикалық қысымды күшейтуге және оны қолдап отырған қалған қаржылық және сауда арналарын бұғаттауға ниетті екенін мәлімдеді. Толығырақ материалда.