Абай мұрасы – ұлттың рухани жаңғыруының алтын арқауы
Абай мұрасы – ұлттың рухани жаңғыруының алтын арқауы
Биыл қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл тарихи дата – тек өткенді құрметтеудің белгісі ғана емес, халқымыздың рухани коды мен ұлттық дүниетанымын жаңа ғасыр талабына сай қайта пайымдауға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Абай мұрасы – ұлт болмысының айнасы, жас ұрпақтың ішкі мәдениетін қалыптастыратын биік мектеп.
Осы мерейлі жылы Абай ілімін терең тануға бағытталған игі шаралар жалғасын табуда. Абай ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, ф.ғ.к., доцент Мұсалы Л.Ж. және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының (батыс тілдері) 2-курс магистранттары Абдусаламова...
