Міндетін өтеп, өмірін жоғалтқандар
Соңғы жылдары қазақстандық қоғамды дүр сілкіндірген ең ауыр жаңалықтардың бірі — әскердегі жас сарбаздардың түсініксіз өлімі. «Ол өз өзіне қол салды », «жүрегі тоқтап қалды » деген ресми хабарламалар қоғамның сенімін ақтай алмай келеді. Бұл тек бір сарбаздың емес, бүтін бір ұрпақтың тағдырына әсер ететін әлеуметтік қасірет.Психологтар мен әлеуметтанушылар мұндай жағдайдың тамыры – тәртіп пен сенімнің әлсіреп, жүйенің адам факторын елемеуінде екенін айтады.Психолог Айгерім Қалиева бұл жөнінде былай дейді: «Жас сарбаздар әскери ортаға түскенде рухани бейімделу дағдарысына ұшырайды. Қатаң тәртіп, бейтаныс адамдар, отбасынан алыстық — бәрі психологиялық соққы береді. Егер қолдау болмаса, ол шарасыздыққа алып келеді ».Қазақстанда...
