“Ауыл газеті”-ауыл жанының жылнамасы
Ауыл тілі газеті-жетілік шаруа газеті деп аталып, 1926-1929 жылдар аралығында Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында шығып тұрды.Газет Қазақстан Өлкелік партия Комитетінің,Орталық Атқару комитетінің Кәсіпшілер Одағы және Сырдария Губерниялық Комитеті мен Атқару Комитетінің органы болды.
“Ауыл тілінің” алғашқы нөмірі 1926жылдың 27 шілдесінде жарық көрді.Тұңғыш нөмірінде “Оқушыларымызға” деген мақала жарияланды. Газеттің алғашқы редакторы КирЦИК-тің төрағасы Жалау Мыңбаев болды.Кейін редактор болып Өлкелік Атқару комитетінің төрағасы Елтай Ерназаров бекітілді.
“Ауыл тілі” газеті – ауыл өмірінің болмысын, тұрмыс-тіршілігін, мұң-мұқтажы мен қуанышын шынайы жеткізетін қоңыр үнді басылым. Бұл газет ауылдағы әрбір өзгеріс пен жаңалықты, ,ауыл шаруашылығы, егін, диқаншылық кәсібі,жер-су мәселесі ,қоныстандыру жұмысы ,шаруаны оңдау шаралары, мал өсіру, оны түрлі індеттерден қорғау, еңбек адамдарының жетістігі мен өмірлік тәжірибесін қалың оқырманға...
