Қазіргі заман басшысының психологиялық портреті: интеллект, эмпатия және креативтілік
Қазіргі қоғамның әлеуметтік және технологиялық өзгерістері басқару психологиясына жаңа бағыттар мен талаптар қойып отыр. Бұрын басшылық тек ұйымдастыру мен қадағалауға негізделсе, бүгінгі күнде басшының басты миссиясы – адам әлеуетін ашу, тұлғаның дамуына жағдай жасау және ұжымды рухани ынтымаққа жетелеу. Сондықтан қазіргі басшының бейнесі тек кәсіби тәжірибемен емес, ең алдымен психологиялық мәдениетпен және тұлғалық интеллектпен айқындалады.
Психология ғылымы тұрғысынан басшы тұлғасының құрылымында үш негізгі қасиет дараланады: интеллект, эмпатия және креативтілік. Интеллект – басқарушылық ойлаудың өзегі, талдау жасау, болжау және шешім қабылдау қабілеттерін біріктіретін күрделі психикалық жүйе. Интеллекті жоғары басшы өз ұжымының әлеуетін көре біледі, стратегиялық ойлау арқылы мақсат пен міндетті нақты...
