Әлеуметтік желі: заманауи қоғамның айнасы
Қазіргі заманда әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Миллиондаған адам instagram, TikTok, watsapp, threads, telegram сынды желілерді күніне 10-15 сағаттап қолданады. Әлеуметтік желі қоғамға көптеген мүмкіндіктермен қатар кемшіліктер әкелді, ол бүгінде тек қарым қатынас құралы емес, ақпарат алаңына және жұмыс пен табыс көзіне айналды.
Мысалғы telegram ның айлық белсенді қолданушылары шамамен 1 миллиард. Күн сайын белсенді қолданушылар шамамен 450 миллионға жуық. Ал белсенділік өсімі өте жылдам, мысалғы 2020 жылдан бері пайдаланушылар саны жуықтағанда 31% өскені көрсетілген. Қазақстанда желіні қолдану барысындағы мақсаттар өте көп, соның бірі белгілі бір тауарды сату. Телеграмдағы канал арқылы адамдар әртүрлі зат сатады. Жас...
