Білімді шәкірт – ұстаз мақтанышы
Мектеп - кеме, білім – теңіз, ал теңізге жол бастар – ұлағатты ұстаз. Кез келген ұстаз шәкіртінің биік белестерден көрінгенін, мектептің алды болғанын қалайтындығы сөзсіз. Ұстаз жүрегіндегі үміт отын ақтау қайсы бірімізге болсын үлкен жауапкершілік. Өйткені, ұстаз үмітін ақтау, ұстаздың еңбегін зая кетірмеу. Осындай түлектердің бірі №58 ЖББ мектептің дарынды шәкірті, әр жүрекке сәуле сепкен ұстаздардың үмітін ақтаушы, мектебіміздің даңқын асқақтатқан 11 сынып оқушысы Актуреева Әсел Жанайқызы жайында сыр шертпекпін. Әсел мектебіміздің бетке тұтар мақтанышы. Қай ортада жүрсе де өзінің көрегендігімен көзге түсетін шәкірт. Өзінің маңдай терінің арқасында мектеп табалдырығын аттай салысымен-ақ көптеген іс-шараларға қатысқан. Бой түзей келе аудандық, қалалық,...
