Қазыналы Қазалыға қадам
Салиева Бақнұр Айбекқызы
Бұл жерде батырлар, ақындар, әулие-әнбилер дүниеге келген, солардың бірде-бірегейі халқына қорған болған тарихи тұлға Жанқожа баба. Ол теңдесі жоқ ерлігімен бірге, әруағы қастерлі, тегі асыл, киелі тұлға саналады. Жанқожа батыр туралы аңыздар көп. Солардың бірнешеуін әрі ауылдасым, әрі руласым, Жанқожа батырдың жетінші ұрпағы Әбдіхалық-тегі Дәурен деген азаматтың айтуы бойынша жазып алғанмын: «Жаугершілік заман еді. Жанқожа батырдың жетпіс жылдай өмірі ат үстінде өтеді. Ол біресе Хиуа, Қоқан хандарының шапқыншыларымен шайқасса, бірде қарақалпақ жорықтарына тойтарыс беру ұрыстарына басшылық жасады. Сонымен қатар, қазақ хандықтары өмір сүруін тоқтатып, отарлау саясаты кең өріс алған тұс еді. Жанқожа батыр тағы күреске шықты....
