Көп тіл білу — заман талабы ма?
Қазіргі заман ағысында көп тіл білу — тек білімнің белгісі емес, ол — үлкен мүмкіндік. Әлемдер арасындағы шекара жойылып, мәдениеттер тоғысып жатқан дәуірде бірнеше тілді меңгеру — жаңа білімге, жұмысқа, достыққа және дамуға жол ашады.
Расында, көп тіл білу — адам талабы емес, заман талабы. «Адам талабы» деп айтпаған себебім — адам тіл білмей-ақ тіршілігін жалғастыра алады. Ал “заман талабы” деуімнің мәні — тіл білу арқылы түрлі мәдениетпен танысуға, шетелде білім алуға, халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
Бүгінде жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығы артып келеді. Оған себеп — шетелдік фильмдер мен музыка, интернеттегі білім беру платформалары. Соның ішінде ағылшын,...
