ru24.pro
World News
Июнь
2025

Қазақ тілін білу – міндет пе, мәртебе ме?

0

Қоғам – айнаның бейнесі. Ал сол айнаға көз салсақ, қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі жүректі ауыртады. Ана тіліміз – ұлт рухының өзегі, елдігіміздің айғағы. Бірақ қазіргі қазақ қоғамында осы киелі тілдің жағдайы алаңдатпай қоймайды.

Қазақ тілі – ғасырлар бойы жаугершілікті де, аштықты да, саяси қысымды да бастан кешкен қасиетті тіл. Бірақ бүгінгі заманда сол тіліміздің тағдыры тағы да сынға түсіп тұр. Иә, бұл жолы жау сырттан емес. Ол – өзіміздің ішімізде: немқұрайлықта, жалған ұяңдықта, тілден безінуде.

Бүгінгі қоғамда «қазақша білмеймін» деген сөз ұят емес, керісінше сәнге айналғандай. Қазақша сөйлеуден қысылатындар, оны екінші сортты тіл санайтындар әлі де кездеседі. Ал ең сорақысы...