Әлеуметтік желілер: еркіндік пе, тәуелділік пе?
Әлеуметтік желілер — қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Олар адамдар арасындағы байланысты жеңілдетіп, күнделікті тұрмыс пен жұмыстың маңызды құралына айналып отыр.
Еркіндік — адамның ішкі тәуелсіздігі, жан қалауы мен таңдау еркіндігіне сай әрекет етуі. Алайда, шектен тыс еркіндік кейде адамды өз бағытынан адастыруы мүмкін.
Тәуелділік — адамның өз әрекеттерін бақылау қабілетін жоғалтып, белгілі бір іс-әрекетке немесе затқа қатты қажеттілік сезінуі. Бұл — еркіндіктің шегінен шығу.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері шексіз. Дүние жүзінде интернет қолданушыларының саны шамамен 4,5 миллиардқа жуық болса, соның ішінде 2,8 миллиард адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Қолданушылар саны күннен күнге артып келеді, желілердің қызмет ауқымы кеңейіп, оларды...
