Әлеуметтік желінің қазіргі жастарға әсері
Қазіргі таңда бос уақыттың басым бөлігі әлеуметтік желілерде өтетіні жасырын емес. Адамдардың жартысынан көбі бұл платформаларды көңіл көтеру және белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдаланады. Соңғы деректерге сәйкес, әлем бойынша әлеуметтік желі қолданушыларының үлесі 63,9%-ға жеткен, бұл шамамен 5,24 миллиард адамды құрайды. Осы тұста сұрақ туындайды: адамның санасын жаулап алған – интернет пе, әлде бұл – заман талабы ма?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бір тәулікте адамдар орта есеппен 2 сағат 21 минутын әлеуметтік желілерге жұмсайды. Бұл көрсеткіштің басым бөлігін 18 бен 24 жас аралығындағы жастар құрайды. TikTok, Instagram, YouTube, Facebook, ВКонтакте секілді кең таралған платформалар қазіргі жастардың ой-санасына...
