ru24.pro
World News
Июнь
2025

Айтарым бар

0

Журналистика жолына түскелі, айналамда “Газетке қалай жазылсам болады?”, “Жақсы материал жазу үшін неден бастау керек?” деген сұрақтар жиілеп кеткен. Ақпаратты іздесең, алақаныңдағы телефоннан-ақ табылатын заманда осындай қарапайым сұрақтардың жауапсыз қалуы мені шынымен таңғалдырады. Бұл мақалам — болашақта журналистика факультетіне түскісі келетін талапкерлерге арнаған ізгі замандастық үндеуім. Әлі 11-сынып оқушысы, болашақ абитуриент болсам да, осы уақытқа дейін жинаған білімім мен тәжірибемді өзгелерге пайдалы болсын деген ниетпен бөлісуді ұйғардым.

Алдымен газетке жазылу мәселесіне тоқталсам. Қазіргі таңда кез келген газетке жазылу әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді. Мұны Kaspi қосымшасы арқылы немесе газеттің ресми сайтынан онлайн жүзеге асыруға болады. Егер бұл тәсілдер түсініксіз болып көрінсе,...