Қазақ тілі — ата-баба аманаты
Соңғы уақытта қазақ тіліне деген қоғамдағы көзқарас қызу талқыға түсіп жүр. Әсіресе жақында “Magnum” супермаркеттер желісіне байланысты жағдай халықтың ұлттық тілге деген жанайқайын нақты көрсетті. Қазақ тілі — тәуелсіз елдің сипаты. Ал оны менсінбеу — бүкіл ұлтқа жасалған құрметсіздікпен тең.
Біз өз елімізде жүріп, қазақша сөйлеуге ұялатын немесе кедергі келтіретін жағдайлармен жиі кездесеміз. Бұл — үлкен мәселе. Әр азамат пен азаматша өз тілін қорғамаса, өзгелерден оны құрметтеуді қалай талап ете аламыз?
Қазақ тілінің мәртебесі туралы әңгіме болғанда, маған үнемі Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасындағы мына жолдар еске түседі:
«Мен — қазақпын, тілім менің — жүрегім,
Мен — қазақпын, әнім...
