ru24.pro
World News
Июнь
2025

Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім!

0
Мен ең алғаш ұстаздық еңбек жолымды 1988 жылдан Шымкент облысы Шардара қаласындағы Н. К. Крупская атындағы орта мектебінен бастадым. Кейін 1997 жылы Ақтау қаласына келіп, № 10 жалпы орта  мектебінде ұстаздық еңбек жолымды жалғастырып келемін. Соның ішінде, 15 жыл тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметінде, 5 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі қызметін атқарып келдім. Сонымен қатар мектептегі сабақтарымнан бөлек, қосымша мекемелерге жұмысқа кіріп, дәріс беріп келдім. Атап айтсақ: Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру» бөлімшесінің қызметкерлері арасында басқа ұлт өкілдеріне кәсіби қазақ тілі пәнінен 7 жыл, Ақтау қалалық медициналық колледжінде 5 жыл сабақ беріп келді. 2002 жылы Алматы қаласындағы...