Мектептегі информатика: Жасанды интеллектті оқыту құралы ретінде
Қазіргі цифрлық дәуірде білім беру жүйесі жаңа технологиялармен тығыз байланыста дамып келеді. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) – білім беру саласындағы ең ықпалды және болашағы зор құралдардың бірі. Информатика пәнінде ЖИ-ді оқыту құралы ретінде қолдану оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық, алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект – бұл адамның интеллектуалдық қызметін модельдейтін және кейбір шешімдерді өздігінен қабылдай алатын жүйелер жиынтығы. Қазіргі таңда біз ЖИ-дің күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып жатқанын көреміз: смарт көмекшілер, ұсыныс жүйелері, чат-боттар, сурет тану, тіл аударма, т.б. Мұндай мысалдар оқушыларға нақты өмірмен байланыстырып, информатика пәнін қызықты әрі пайдалы етуге мүмкіндік береді.
Мектеп бағдарламасында ЖИ-ді оқыту үшін...
