Gap Year: Қазақстанда бір жыл демалу — батылдық па, әлде жалқаулық па?
«Сен оқуға түстің бе?» — мектеп бітіру кешінен кейін ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Бұл кейде жай қызығушылықтан қойылған сұрақ ретінде емес, көбіне тіпті үкім сияқты естіледі: «Оқуға түспесең, сенен ештеңе шықпайды» деген тұжырымның астары жатады. Ал сол сұраққа: «Жоқ, мен бір жыл үзіліс алдым» деп жауап берсең, сұрақ қоюшының қабағы шытылып, күмән ұялаған көзқарасқа тап боласың. Қоғам үшін Gap Year — шетел байларының ермегі немесе «бос жүрген» жастардың сылтауы ғана сияқты көрінуі мүмкін, бірақ шындық басқада.
Ханзада Уильям 2000 жылы Gap Year алып, Белиз бен Чилиде ерікті болды, Африканы аралап, Англияда сүт фермасында еңбек етті. Інісі Гарри де сол...
