КСРО ыдырағаннан кейінгі Орталық Азиядағы исламның әлеуметті-саяси құрылымдарға ықпалы: зайырлылықпен діни ұстанымдардың қайшылықтары (1991-2021)
Акпар Абылай Бекенұлы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және Құқық институты
«7М01602 тарих-дінтану» мамандығының 1 курс магистранты
E-mail: abylajakpar8@gmail.com
КСРО ыдырағаннан кейінгі Орталық Азиядағы исламның әлеуметті-саясиқұрылымдарға ықпалы: зайырлылықпен діни ұстанымдардың қайшылықтары (1991-2021)
Аңдатпа
1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы Орталық Азия елдерінде саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге алып келді. Бұл кезеңде ислам діні аймақтың әлеуметтік-саяси құрылымдарына терең ықпал ете бастады. Зайырлылық принциптері мен діни ұстанымдар арасындағы қайшылықтар осы уақыт аралығында айқын көрінді. Орталық Азия мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін, исламның рөлі қоғамда қайта жандануға бет алды. Ислам дінінің қайта өрлеуі, әсіресе жастар арасында, діни идеологияның таралуына себеп болды. Сонымен қатар, зайырлы билік құрылымдары діни қозғалыстарды бақылау мен реттеу қажеттілігіне тап болды. Зайырлылық пен діни ұстанымдардың қайшылықтары саяси...
