ru24.pro
World News
Апрель
2025

Энергетикалық сусындар

0

Қазіргі таңда энергетикалық сусындар қоғамда, әсіресе жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Еліміздің әрбір дүкенінде Gorilla, Dizzy, Red Bull секілді сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Бұл «сиқырлы» сусындар студенттерге, жүргізушілерге, тіпті мектеп оқушыларына ұйқы ашатын таптырмас құрал ретінде ұсынылады. Статистикаға сүйенсек, елімізде бұл сусындардың тәулігіне 30 мың литрі сатылады. Оның ішінде жасөспірімдердің 20,5 пайызы энергетикалық сусынды апта сайын тұтынатыны анықталған. Иә, энергетикалық сусындарды сату бойынша белгілі бір шектеулер қарастырылғанымен, оларды кез келген мектеп оқушысы оңай сатып ала алады. Бұл жағдай қоғамда тәуелділік туғызып, үлкен проблемаға айналып отыр.

Энергетикалық сусындардың құрамына кофеиннен бөлек, таурин, инозит, аминқышқылдары, рибоза және дәрумендер секілді микроэлементтер кіреді. Кофеин адам...