Қара сиыр
Он жастағы баладан отыз – қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жиналады. Ну орман іші болса тіпті жақсы.
Ойын ережесі
Әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылардың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады. Бермеу дегенде екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, оған қай бұрын жеткені алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі көріп бөрікке жібермеуге...