Ахмет Игүнекидің "Ақиқат сыйы" еңбегінің дүниетанымы
“Ақиқат сыйы” еңбегі - діни-философиялық рухани мұраға негізделген Ахмет Иүгінекидің орта ғасырдағы түркі тілдес халықтар әдебиетінде ерекше орын алған туындысы. Ол XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген ақын, ойшыл. Ғұмырында зағип болған ол жағдайына қарамастан жастайынан білім мен ілім алуға құмартып өскен. Түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Осының барлығы оның өзінің жолын қалыптастыруына себеп болды. Шариғат қағидаларын зерттеп, діни білімі әбден кемелденіп, ақыл ойы толықсыған шағында ислам қағитдаттары туралы өлең-жырларын жазып бастады. Оның еңбектері адамгершілік пен имандылыққа, жақсы мен жаманды ажырата алуына негіздеген. Соның ішінде ұлт тәрбиесіне баса назар аударылып, кең етек жайғаны “һибуат-ул-хақаиқ” (Ақиқат сыйы) еңбегі....