Ғарыштағы гүлдер
Олар Жерге қайтуға асықты. Бейтаныс ғаламшарда болған уақыт та өте шыққан. Жұлдызаралық сапардың бір ерекшелігі де уақыттың осындай санаулылығында. Әйтпесе, мына көз алдарындағы ғажайып әлемді ешқайсысы да қиып тастап кетпес еді. Әлі де жүре бермек. Бірақ уақыт деген бәрінен де қатаң. Мына ғаламшардың бетін көмкеріп жатқан сантүрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктердің нәзіктігіндей емес. Бір ғана өсімдіктің өзі талай тағдырды шешеді. Сондықтан да ойлануға тура келген.
Кеме басшысы Мерген Тұрлығазыұлы жан-жағын жіті бақылап, ілгері бастап келеді. Айнала қалың шөп, самсаған неше түрлі гүлдер. «Тек қана өсімдік пен гүлдерден тұратын мұндай да ғаламшар болады екен-ау» деп таңданған еді Мерген алғашында. Бірақ...