ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Ғажайып сәуле

0
«Таңғы сағат төрт кезі еді, түн қараңғылығы сирей бастаған-ды. Ауызғы сенек бозамық реңге енген. Тек кабинет есігі ғана көлеңке жамылған қалпында қарауытып тұрған. Мистер Бантингтің аяғы астынан солқылдаған баспалдақтың сықыры мен кабинеттегі құпия қозғалыстың сезілетіні болмаса, айнала тып-тыныш қалпында. Сәлден соң әлдене сырт етті: тартпа ашылғаны, қағаз сыбдыры білінді. Үн естілді де, шырпы жағылып, кабинет сарғыш сәулеге орана қалды. Бұл кезде мистер Бантинг ауызғы үйге кеткен-ді. Толық жабылмай қалған есіктің саңылауынан ол тартпасы ашылған жазу үстелін, оның үстінде жанып тұрған шырақты көрді. Бірақ ұры көрінбейді. Таңданған ол ауыз үйде не істерін білмей тұрып қалды. Сол сәтте зәресі ұшып, өңі қашқан...