Тіл саясаты
«Тіл саясаты» деп, айтқалы отырғанымыз әдеттегі ұлт тіліне, не жалпы тілдерге қатысты мемлекет ұстанып, жүргізіп отырған саясатының (принциптері мен бағыт-бағдары, үрдісі мен жүргізіп отырған іс шаралардың, т.б.) өзі емес, сол саясатқа қатысты тіл ғылымың, тілші ғалымдардың атқаратын рөлі, ұстанған өзіндік принциптері мен нақтылы іс-әрекеттері, яғни академик Ә.Қайдардың осы саясатқа тікелей араласуы. Кешегі советтік дәуірде, ғылымның партиялық принциппен, идеология үрдісімен дамыған кезінде де барша ғалымдар мемлекет ұстанған саясат бойынша зерттеу жүргізіп келгені белгілі.
Тіл саласындағы ол саясат ұлттық тілдердің еркін дамуын ұрандатып жарияласа да, іс жүзінде «өзара жақындасып барып, бір ортақ тіл төңірегінде бірігу» деген идеяны іске асыра бастады. Соның салдарына...