Айға қатысты ырымдар мен тиымдар
Ырым мен тыйымның айырмашылығы қандай?
Қазақ халқы ұл-қызын "Босағаға керілме!", "Табалдырықты баспа!", "Ер адамның жолын кеспе!" — деген сөздермен тәрбиелеген. Заманның ағымына қарай кей ырымдар халық тұрмысынан алыстап барады, дегенмен көнекөз қариялар салып кеткен іздің жалғасы жоқ емес. Белгілі этнограф Болат Бопайдың пікірінше, тыйым бұйрық раймен айтылады. Мысалы "Құстың ұясын бұзба!", "Көкті жұлма!" деген сөздер тыйымға жатады. Ал неге олай жасауға болмайтынын түсіндіретін сөз болса, онда оны ырым дейді. Мәселен "Көкті жұлсаң, көктей орыласың" дегенді ырым деп санауға болады. Ырымның ерекшелігі сөздің мағынасын түсіндіру арқылы жаман әдеттен тыйым салуымен байланысты болса керек. Айға неліктен ұзақ қарауға және қолды шошайтуға болмайды?...