Ғажайып бақ
Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің азғана малын бағып, күндерін көріпті.
Бір жылы көктемде Асан егін салуға қамданып жатқанда, Қасен жұтқа ұшырайды. Қыс аяғы қатты болып, азғантай малы қырылып қалады.
Көзінің жасы көл болып, Қасен досына жылап келеді:
— Асан, сенімен қоштасайын деп келіп едім. Азғана малым қырылып қалды. Енді аштан өлместің қамын ойлап, қайыр сұрап, тентіреп кетемін де, — дейді. Бұл сөзді естігенде, Асанның да көңілі босап, көзіне жас келіп, Қасен досын құшақтап тұрып:
— Екеуіміз жан деген жолдас едік қой, мал-жанымыз бір емес...