ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Ұмай бұлағы

0

Ерте замандарда ала таулардың етегінде бір отбасы мекендепті. Олар ештеңеден таршылық көрмепті. Малы да көп, балалары да қайратты һәм ақылды екен. Бір күні бұл үйді де қырсық шалып, кенже ұлдары қатты сырқаттанады. Ол күндіз-түні төсекте дөңбекшіп, ес-түссіз жатады. Тәуіптер оны ақ аруананың сүтіне шомылдырады, жеті ақ қойдың жүнінен басылған киізге орайды, борсықтың майын ішкізеді, ауруды қуып шықпақшы болып, қамшымен сабайды, қазы-қарта, жал-жая жегізеді. Бірақ бала көрер көзге сола береді.

Ата-анасы баласына қалай көмектесерлерін білмей, қайғыдан қара жамылады. Жиған-терген байлықтарын түгел, соңғы күміс теңгесіне дейін ұлын емдеген тәуіптерге беріп, сарп етеді. Бірақ ауруды ешкім жаза алмайды. Бір күні таңертең шешесі үйді...