ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Тасбақаның шөбі

0
Сәті түсейін десе, бәрі оңынан орала кетеді екен. Ән шейінде өз етегіне өзі сүрініп қапылып жүргенімен шайы қайнағанша еру ел көшін жөнелтіп, көшкен ел үйін тігіп үлгеретін борпы аяқ Сақыптың қара шайнегі сол күні ә дегенше бұрқ ете түсті. Таң атқанша ит арқасы қияннан бір-ақ шығатын зыр-зыбыл құла біреу әдейі қазықтап қойғандай ауылдың көк желкесіндегі қарағанды жүлгеге қадала қапты. «Асылы, жолым болады білем», — деп ойлады Қарабала, аяғын үзеңгіге салып жатып. Артынша қыл тізгіннен енді ұстай бергенде көңіліне: «Апырай, әлгі ойым күпірлік боп жүрмегей!» — деген күман қашқаны. Ішінен үш рет қайталап кәлима қайырды. Сосын: «Иә, алла, өзің жар бол!»...