Адыраспан
Қалаға жүрудің қамын жасаған Оспанқұл кемпіріне бөлек бір дорбаға екі-үш бума адыраспан салып алуды тапсырып, соны қайта-қайта оның есіне салып, қадағалап отырды. Шалының шектен тыс тынымсыздығынан сыралғы Сырға таза ақ шыттан дорбаша тігіп, адыраспанды сол күні-ақ ұқыптап салып қойған еді.
…Қаланың шеткі ықшам аудандарының біріндегі тоғыз қабатты үйде екі бөлмелі пәтері бар Мұқанбек келіншегі Гүлдерайым екеуі атасы мен әжесін хал-қадірлерінше күтті. Шайын, тамағын уақытылы әзірлеп, базардан әкеліп неше түрлі жеміс-жидегін, өрік-мейізін ауыздарына тосып, зыр жүгірді. Арасында екеуі екі жақтап, енді бір аптадан соң, мектепке баратын Дабылтайдың оны-мұны әзірлігін жасаған болады. Бірер рет атасы мен әжесін қаланың орталығына апарып, қыдыртып та...