ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Бетпақдала

0

«Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» дейтін заманда мынадай бір оқиға болыпты.

Жері шүйгін, оты-суы мол, ғажайып бір өңірде төрт түлік малын мыңғыртқан, төрт құбыласы сай бір ел болыпты. «Жері байдың — елі бай» дегендей, құнарлы өлкенің байтақ төсі байлық пен берекенің, бақыт пен қуаныштың ұйытқысы сияқты екен. Бұл өңірдің құнарлылығы сондай, түн ортасы ауа құрығын шымға тіреп қалғып кеткен жылқышы таң атқанда қолындағы құрықтың бүр жара бастағанын көреді екен дейді. Әлгі: «жатып қалған бір тоқты жайылып, мың қой болған жер» дейтін сөз осындай, түгін тартса, майы шығатын құт мекендерге қатысты айтылса...