ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Бәсіре

0
Бәсіре — қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны «нәрестенің бәсіресі» деп атау салты.



Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Яғни, бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз ата-анасы оған тай атайды. Оны «бәсіре тай» дейді.


Жастайынан бағып ем,
Бәсіре ғып торы тайым.

Х.Талғаров


Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделе бастайды. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін...