Аяулы Жақаң
Міржақып менен көп кіші, әрі інім, әрі баламдай қолымызда тәрбиеленді. Дәнеш шешелері баласын апыл-тапыл жүре бастағанында-ақ арқасынан түсірмей, ауыл сыртында молдадан оқып жатқан шәкірттердің жанына барады екен. Баласы жығылып қалмасын деп, күңшаш деген жұмсақ шөпті жіп тәрізді есіп, белінен байлап, өзі бір ұшынан ұстап, балалардың арасына қоя беріп, қызығына қарап тұратын болса керек. Олардың қағаз-қаламдарына жармасқан баласын көрген шешесі мәз болып: «Менің жаным да ержетіп, оқымысты болады, көрген аян түсім бар, сол келеді» деп қуанады екен. Бірақ анасы Дәнештің өмірі ұзақ болмады. Міржақып бар болғаны екі жасқа толғанда, жетім қалды.
Міржақып өзі қатарлас балалардан бойы аласалау болып өсті, бірақ денесі...