ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Әнет баба өсиеті

0

Шебер шешiм, көркемсөздерiмен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас-жораларын ертiп, даналық, тапқырлық сөзiмен мәлiм Әнет бабаға сәлем берiп, кәрi құлақты қариядан тәлiм-тәрбие, үлгi-өнеге, тағылым алып қайтады екен.

Бiрде сол әдетiмен Әнет бабаның үйiне келiп түседi. Қарт бұрынғыдан әжептәуiр қартайып қалса да, сыр бiлдiрмейдi. Қазыбектiң жора-жолдастарын, өзiн жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтертедi. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып, әңгiме-дүкен құрады.

Ертеңiне Қазыбек жол жүруге қам жасап, сапар алдында Әнет бабаға бiр ауыз өсиет айтып беруiн өтiнiптi. Бiрақ Әнет баба:

— Қазыбекжан-ай, жасы келiп қартайған, қасынан жан тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет...