ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Ажалдан құтқарған асыл сөз

0

(Аңыз-әңгіме)

Ерте кезде бір хан шеру тартып келе жатады. Бір шөлейт, сусыз далаға кездесіп, әскері де, аттары да шөлдейді. Осылай зарығып келе жатқанда, алыстан бір кішкене бұйрат көрінеді.

Хан жігіттеріне:

— Адырлы жер ауызсусыз болмайды, барып қараңдар, — дейді.

Шапқыншылар адырдың үстіне шықса, қойнауда бір қора қой жайылып жүр екен. Жігіттер қойдың шетіне келсе, мосқал тартқан қойшысы бар екен. Қойшыны олар кісі ғұрлы көріп амандаспайды.

— Су қайда? — деп зіркілдейді.

— Су дегенің көл ме? — дейді қойшы.

— Өзің қалай қисық сөйлейсің? Бізге, ана ханға ауызсу керек, — дейді ежіреңдеген шабармандар.

— Мен хан ішеді деп қасқиып жатқан...