Үш жігіт туралы хикая
Балам, жарық дүниенің үш жақтағы үш шетінде жасы да бірдей, бойы да бірдей үш жігіт бір-бірінен жырақ тұрыпты. Үш жігіт бірін-бірі еш уақытта көрмепті, бірін-бірі естімепті де.
Солай, жарқыным, жарық дүниенің үш бұрышында тірлік еткен үш жігіт бір жылы, бір күні, бір сағатта өзінің туып-өскен мекенін тастап, Өлместің тасын іздеп аттанған екен.
Олардың естуінше, Өлместің тасы асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында, қанды құдықта екен.
Бірінші жігіт жүре-жүре аяғына киген темір шарықтары тоз-тоз болыпты, қолына ұстаған темір таяғы мүжіліп, тал шыбықтай иіліпті. Жарым жолға барғанда титығы құрыған ол ұйықтап қалады.
Бірінші жігіт ояна кетсе, оның бас жағында көзіне сүрме жаққан,...