ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қасқыр арбаушы

0

Ұбақ-шұбақ ұласқан тау сілімінің еңіске қарай созыла түсіп жатқан биік жонының қыр желкесіндегі үйме-жүйме жақпар тастардың тасасына Тәушен аңшы түс ауа — құлама бесіннің шамасында келіп, бірсыпыра уақыттан бері бой тасалап жатқан болатын.

Жарығы біртін-біртін көмескі тартқан Күн шарасы көкжиекпен жанасып ұясына қона бастаған мезегілде ол арқа жағындағы тегіс тасқа шалқая сүйеніп, аяғын созып, құрысқан денесін азырақ жазып алғандай болды. Содан соң тасадан басын қылтитып, қырқаның төменгі жағындағы сайдың аңғарын бойлай өскен қалың қарағанның арғы-бергі төңірегін дүрбісімен шолып асықпа-а-й ұзақ қарады. Көптен бері алдырмай жүрген әккі қаншық қасқыр мен ақсұр арланның биылғы бір ұя бөлтірігімен паналап жүрген апаны, тап басып...