ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Бозқараған гүлдегенде

0

Сәуір айының орта тұсында, көктемнің алғашқы жылы жаңбыры жауып өткеннен кейін, шағын ауласы бар жатаған үйдің күнгей бетке қараған қос терезесінің алдында өсіп тұрған жалғыз түп бозкарағанның гүлі шешек атады.

Бозқараған жұпар шашып гүлдеген кезде он беске жаңа толған балғын қыз Мейіргүлдің тұп-тұнық, әдемі де аялы көз жанары нұрлы ұшқынға толады. Уыз жүзі бал-бұл жанып ақторғын дидары жадырап-жайнап, әдеттегіден де шаттанып жүреді. Көктемнің осы бір тамылжыған күндері гөззал-қызды анау заңғар мөлдір аспан да, жасыл желегі дүркірей көтерілген жер алабы да, несін айтасың, бүткіл дүние ән салып тұрғандай әсерге бөлейді. Адамдар да дағдылы тіршіліктің сан алуан болмашы уайымнан кіреукеленіп жататын пенделіктің...