ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Атақоныс

0

О, торқа мекен – туған жерім! Еркін көшіп, ен жайлаған қадірлі өлкем! Ұя салған бәйтерегім! Өткендердің ырзығы да, ырысыда саналған төрт түлік мал ойың мен қырыңды қаптай өрістеген бел-белесті, нулы-сулы, берекелі бай өлкем! Көгінде қаз қаңқылдап, көлінде қу сұңқылдап, құмында елік еркін ойнақтаған, әр жыңғылыңның түбінен қоян қашқан, суыңа балық сыймаған байтақ мекенім! Ата-бабаларым қыстау салған құтты қонысым.

Міне, мен жападан-жалғыз қара орын – атақонысыма келіп тұрмын, жиырма бес, иә, иә, табандатқан жиырма бес жылдан кейін…

Мынау – менің қыстауым! Қыстауымды, яғни атақонысымды көргенде жата қалып, қара жерді аймалағым келіп кетті. Жалаңаяқтанып, құлап қалған шым зілмәнкемді айнала шапқылағым келіп кетті....