Ауыл таңы
Жаз таңы баяу атады.
Ақырындап жайыла түсер ақ сәуле әуелі ақтұмандай жайылып, сонан соң әрбір қарайған затқа, әрбір шөптің талына өзінше әр беріп, жер-жаһанды ақырын қозғап, көзге көрінбейтін сергек сезімдерді қалықтатып, шым-шым сылап-сипай, ақырын-ақырын тербеп оятады.
Осы мезетте аспанда: мөп-мөлдір тұнықтық шырайланып сала береді. Қуаныштан жүректері жарылардай болып шыр-шыр еткен құстар кішкентай қанаттарын шаттана шапаттап, мөп-мөлдір тұныққа сүңги бастайды. Құстардың, жәндіктердің үндері бұрынғысынан басқаша құйқылжып, шымырлай әуелеп бара жатады. Жұлдыздардың түнгі ертегісінен қалып қойған қасқыр-бұлт, қоян-бұлт, арыстан-бұлт, шал мен кемпір-бұлт, бота-бұлттар қайда тығыларын білмей сасқандай селт етпей қатып-қатып қалады. Көкжиектің ніл бояуы жайылып, ақшыл-көкшілденіп жұмсарып бара жатады. Осы мезетте жерде:...