ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алғыр Айдана

0

Есіктен енген Айдана:

— Қайнар, тағы да құтырдың ба? Таяқ жегің кеп, арқаң қышып тұр ма? — деп жұдырығын түйді.

Айдана үйдегі балалардың бәріне мәтіби. Олар Айдананың алакөзденіп қарағанынан-ақ қаймығады. Оның дауысы естілсе болды, ойын да, артық күлкі де сап тиылып, тым-тырыс бола қалады. Үйдегі тыныштықты, тазалықты бақылайтын да, талап ететін де сол.

Анасы жұмысқа кетерде:

— Айдана, жаным, ана екеуіне бас-көз бол. Үйге қара, — дейді.

Айдана да билікті қолға алысымен-ақ ешкімді қия бастырмайды. «Мультфильм басталғанша сен үй ішін сыпыр. Сен гүлдерді суғар. Сосын ыдыс-аяқты жуып-шайып, орнына қой» деп бұйрық береді. Өзі төсек-орынды жинауға беттейді. Айтқаны мүлтіксіз орындалуы керек....